Коммунальное государственное учреждение «Общая средняя школа имени М.В.Ломоносова» государственного учреждения
М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы"аясында 1 мамыр мейрамына арналған "Береке-бірлікте" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады. Дүниежүзінде бәрімізге керек – тыныштық, бірлік. Көп ұлтты Қазақстан халқы бірлік пен татулықты сақтап келе жатыр. Оқушылар да сынып сағатында достық, татулық туралы түсініктерін кеңейтіп, достықты әрқашан бағалайтынын білдірді.
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З
ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ - 2024”
Аудандық «Жыл мұғалімі – 2024» байқауында жүлделі І орын иеленген ағылшын тілі пәні мұғалімі
Менситова Алия Махамбетқызын құттықтаймыз!
Әріптесімізге мықты денсаулық және жұмысына шығармашылық табыс тілейміз! Білім беру жолындағы еңбегіңіз жоғары бағалана түссін, биіктерді бағындыра беріңіз!
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОЛЫҚПЕН КҮРЕС
Сыбайлас жемқорлықты жою, бұл тек қана мемлекеттің мүддесі міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.
5-7 сыныптар арасында суреттер байқауы өткізілді.
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту және сыбайлас жемқорлық фактілеріне теріс көзқарасқа, жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікірді қалыптастыру
22 наурыз- "Ұлыстың Ұлы күні"
Әз Наурыз тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын бaйытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді.
Мемлекет басшысы
Мектебіміздің "Біртұтас тәрбие бағдарламасы"аясында іс-шаралар жоспары құрылып,сынып жетекшілер,ата-аналардың қатысумен барлық сыныптарда "Наурызым мерекем,Наурызым берекем"атты шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен,әдет- ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру көзделді.Оқушылар тілектерін бала тілдерімен жеткізіп,ән салып,би билеп мерекенің сәнін келтірді.
Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн.
Ұлу жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол
Мереке құтты болсын!
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Қазақ халқым салт-дәстүрге сүйене отырып, өзара қарым-қатынасын реттеп отырған, бір-бірін үнсіз түсініп, сыйласқан. Қазір сол дәстүрдің біразы ұмыт болды.Қазақтың салт-дәстүрі ағайын, туған-туыс, көршілер арасында жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына және ынтымақтастықта өмір сүруіне жол ашқан.
Бүгіндері атаулары өзгерсе де, кейбір салт-дәстүрлерді қаймағын бұзбай сақтап отыр.
Мысалы, ақсарбас атау, аунату, байғазы беру, босаға байлау, енші беру, ерулік беру, қазан шегелеу сияқты дәстүрлер сақталған.
Қолданыстан мүлдем шықпайтын салт-дәстүрлерімізден көрініс.
Қазақ халқым салт-дәстүрді құрмет тұтып, қалтқысыз орындаған халық.
Құрманғазы әкім кубогына арналған аудан мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары, М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің 11 “Б" сынып оқушысы Лубек Эльназ бен 9 “А” сынып оқушысы Таскалиева Айнара жүлделі 1-орынды және ӘКІМ КУБОГЫН жеңіп алды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Биіктен көріне беріңіз!!
"Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен өткен жерлесіміз, Халық Қаһарманы, есімі аңызға айналған қазақтың тұңғыш қызы Хиуаз Қайырқызы Доспанованың жүлдесіне "Ұшқыш қызы халқының" атты талантты жас суретшілер байқауының мектепшілік кезеңі өтті. Сайыс қорытындысында төмендегі оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. 1-орын иегерлері: 1. Болашбай Жұлдыз, 8 "в"-сынып оқушысы; 2. Таскалиева Айнара, 7 "а"-сынып оқушысы; 3. Акентьева Валерия, 8 "а"-сынып оқушысы; 2-орын иегерлері: 1. Ерланқызы Аружан, 10 "в"-сынып оқушысы; 2. Хамидоллаева Нұрай, 6 "в"-сынып оқушысы; 3. Зинет Асем, 7 "а"-сынып оқушысы; 3-орын иегерлері: 1. Мұфтах Ақадил, 6 "в"-сынып оқушысы; 2. Қыбыл Нұрдана, 6 "в"-сынып оқушысы; 3. Елеусинова Жансұлу, 9 "а"-сынып оқушысы; Алғыс хат иегерлері: 1. Қойшыбаева Дильназ, 6 "в"-сынып оқушысы; 2. Едильбаева Эльсулу, 6 "б"-сынып оқушысы; 3. Рустемқызы Медина, 6 "в"-сынып оқушысы; 4. Кабдрахим Эльназ, 6 "в"-сынып оқушысы; Суретті сөйлеткен 9 қыл қалам шеберлерін"Аспанды алғаш бағындырған ару" атты талантты жас суретшілер байқауының аудандық кезеңіне жолдама алды. Талантты жас суретшілерімізді жеңістерімен құттықтаймыз.