Коммунальное государственное учреждение «Общая средняя школа имени М.В.Ломоносова» государственного учреждения
Психологиялық қызмет
12- қазанда М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жиналысы өтті.
Тақырыбы: «Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» Қыздар ұйымының жетекшісі Хисамеденова Г.С.қыздармен "Қыз қылығымен көрікті" тренинг жүргізді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Аудандық орталық емхана психологы А.Кадырбаева 8-11 сынып қыздары арасында «Қыз баланың бой жетуі» Ерте жүктілік немен қауіпті? - деген сауал төңірегінде ой қозғап, қыздармен пікір алмасты.
Құрманғазы АПБ-ң ЖПҚБ-ң ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік инпекторы Э.Жонисова кәмелетке толмағандар тәрбиесі жайлы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы қыз балаларға дәріс оқыды.
Әңгіме барысында қыздар өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап, пікір алмасуға ұласты. Қыздармен әңгіме өз деңгейінде өтіп, қыздар өздеріне қажетті мағлұматтар алды.
Оқушыларға
«Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» атты бейнеролик көрсетіліп,сұхбат жүргізілді. Қазақ халқы "қыз" деген сөздiң өзiн әдемiлiктiң, әдептiлiктiң, инабаттылықтың, сұлүлықтың белгiсi деп таныған. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлiлiгiн, сүйкiмдiлiлiгiн, жанының нәзiктiгiн, өнер бiлiмге бейiм тұратынын жоғары бағалап, оның оң қасиеттерiн нақыл сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: "қыздың жиған жүгiндей", "қыздың тiккен кестесiндей", "қыз елдiң көркi, гүл жердiң көркi", "жақсы қыз-жағадағы құндыз", "ырыс алды-қыз", т.б
Қазақ отбасының маңызды қызметтерiнiң бiрi-тәрбие. Ата-ананың мiндетi-жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамгершiлiк, инабаттылық, сыйлау қасиетттерiн сiңiру. Әсiресе, қазақ отбасында қыз бала тәрбиесi ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңiлiн қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсiрген және де оны қатал ұстап, оның тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп қараған.
Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешiсi, жанұяда ұйытқысы деп түсiнген халқымыз оның еңбек сүйгiш өнерлi болып өсуiмен қатар қыз баланың көрiктi болып өсуiне де ерекше көңiл бөлген.
Қыздар видеороликті бақылау барысында өз бойында табылмай қалатын жақсы, көркем мінезді айта отырды. Бұл жерде қыздардың үлкенді сыйлау жайлы. Тәрбие бірінші отбасынан басталатыны айтылды.
Мектептің Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қыдыршаева қыз бала бойында жақсы қасиеттердің болуы, ұяң, пысық алғыр, өнерлі болуы жайлы айтып өтті. Қыз – өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай , нәзіктік пен инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да мектепте оқып жүрген қыз бала, ол – үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы болуы тиіс. Қыз бала үйден шыққанда тап-таза киініп, шашын таранып, әсем күлкісімен нұрын шашып жүрумен қатар сабағын да жақсы оқиды. Қыз баланы тәрбиелей отырып, отбасындағы одан кейінгі ұлдарға үлгі етеміз, яғни бұл жерде ұлт тәрбиелеу – бұл қазақтың ежелден келе жатқан философиялық даналығы деп білеміз.
Қыздарымыз жиналыс барысында өз ойларын қиналмай жеткізе білді.
"ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ" облыстық байқау.
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З
Конкурс психологтардың кәсіби деңгейін көтеруге, шығармашылығын іске асыруға, білім беруде практикалық психологиясының қызметін дамытуға, кәсіби жетістікке жетуге ынталандыруға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін психологиялық білімді насихаттауға бағытталған.
Мақсаты— теориялық және практикалық кәсіби біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру болды.
Нәтижесі бойынша мектебіміздің
психологы Ергалиева Айнур Лутовна ІІ жүлделі орынды иеленді.
Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз және болашақта шығармашылық табыс тілейміз!
"ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ" облыстық байқау.
В КГУ ОСШ имени М.В.Ломоносова 22 Ноября текущего года, в 1 "г" классе было проведено род.собрание целью которого являлось: Поиск путей решения возникших проблем по постановлению педагогического консилиума " Адаптация первоклассников". Присутствовали на род.собрание:
Зам директора по УВР начального класса Галиева А.С.
Психолог школы: Ергалиева А.Л.
Хисамеденова Г.С.
Кл.руководительница 1"г" класса Ишбердина Г.А.
В ходе проведения род.собрания рассматривались проблемы касающиеся детей:
1) Развитие речи; наличие языкового барьера, пути его решения.
2) Работоспособность во время занятий.
3) Особенности личности ребенка, а также способность к созданию благоприятного психологического климата в коллективе.
4) Техника чтения.
Собрание проводилось в разных форматах, был проведен психологом школы тренинг: " Дети-цветы жизни".
В качестве обратной связи, кл.руководительница Ишбердина Г.А, провела беседу и дебаты на тему: Успех ученика в школе зависит от учителя. Дебаты прошли на уровне бурного общения и обсуждения.
В заключительной части встречи с родителями, классный руководитель поблагодарил родителей за участие, психолог школы рекомендовал свои рекомендации родителям для создания благоприятного и безболезненного психологического климата в коллективе.
2 Ноября 2022 года в КГУ ОСШ имени М.В.Ломоносова был проведен психолого - педагогический консилиум на тему: "Адаптация первых классов" организованный психологами школы.
Цель: облегчить естественный процесс адаптации, сделав его по возможности безболезненным для ученика, учителя и родителя. Создать доброжелательную атмосферу выстраивать отношение учитель-ученик, учитель-родитель. Создать атмосферу сотрудничества родителей с педагогическим коллективом, администрацией.
Психолог школы Ергалиева А.Л. предоставила результаты проведенных работ с учащимися первых классов, дала рекомендации классным руководителям первых классов и предшкольной подготовки.
Бала тәрбиесі баршамызға ортақ екенін бәріміз жақсы білеміз.
Қазіргі таңда қоғамда шешімін табылмай жатқан мәселелер көп.
Солардың бірі-жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет.
«Аутодеструктив»сөзі латын тілінен «қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы» деп аударылады.
Аутодеструктивті әрекеттер, яғни ол алкоголь, темекі мен есірткі заттарын қабылдап, денсаулығына және психикасына зиян келтіруі, ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның өз-өзіне қол жұмсау себебіне соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз.Аутодеструктивті міңез-құлық қалыпты дамуға, адамның психологиясына кері әсері етеді. Яғни, суицид ауыры жастар арасында мұндай дерттің кеңінен таралуы алаңдатарлық жағдай. Жалпы, жасөспірімдік кезең-адамның тұлға болып қалыптасуына әсер ететіңн маңызды фактор екені түсінікті. Бұл кезең де олар нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болып келеді. Ал жеткіншектік шаққа аяқ басқанда адамның қалыптасуы сана-сезімнің дамуындағы өзгеріспен анықталды. Жасөспірім өзің ересекпін деп сезіне бастайды, яғни ол мұндай құбылысты айналадағылардан да талап етуге ұмтылады. Бүгінде білім саласында осы тақырып жөніңде арнайы сабақтар өткізіліп, аутодеструктивті міңез-құлықты болдырмаудың жолдары кеңінен түсіндірілуде. Мектеп психологтары "Аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын-алу алгоритімі бойынша ұжым мүшелеріне түсінік жұмыстарын жүргізді.
15 декабря в КГУ ОСШ имени М.В. Ломоносова, был проведен психолого -педагогический консилиум на тему «Адаптация 1-х классов», организованный психологами школы.
Участие приняли администрация школы, классные руководители предшкольной подготовки, классные руководители 1-х классов, а так же учителя-предметники, которые преподают в этих классах.
Цель: изучение трудностей адаптационного периода первоклассников.
Классные руководители подготовили подробную характеристику своих учащихся, озвучили проблемы, с которыми столкнулись за этот период времени.
Психологи школы представили результаты тестирования учащихся и обозначили основные проблемы в 1-ых классах, также дали рекомендации для классных руководителей 1-х классов и предшкольной подготовки.
Педагог-психолог школы Ергалиева А.Л.– рекомендует:
Правильная мотивация — залог успешной учебы
Родители играют важную роль в процессе адаптации к школе. Они могут создать определенную психологическую установку, формируя таким образом отношение к учебному процессу. Период привыкания к новому образу жизни может быть разным. Он может занять от двух недель или полугода.
Многое зависит от психологических особенностей ребенка, уровня его подготовленности, типа школьного заведения и сложности образовательный программы.
М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі бойынша
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі» өткізілген жоспарлы жұмыстар.
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі» ұсыным бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылды.
13-18 жас аралығында қыз балалардың,олардың ата-аналарының қатысуымен «Қыздар тәрбиесі мен гигиенасы» тақырыбында жиналыс өткізілді. Мақсаты: қыздарды тәрбиелі, білімді, өнерлі боп өсуге, қыз баланың гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге баулу.
Жиналыста тәрбие жұмысының орынбасары Қ.Қыдыршаева қыздар тәрбиесіне байланысты кеңестер берді. Қыздардың бойына тән инабаттылық пен тазалық туралы сөз қозғады, тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Мектеп медбикесі Г.Бақтыгереева қыздар гигиенасы, тазалықты қалай ұстану керектігі туралы, Қыз балалар бойындағы жыныстық өзгерулер, сол кездерде өздеріне қалай қалай қарау керектігі жөнінде түсіндіріп өтті. Мектеп психологы Г.Хисамеденова қыз балалармен,аналармен «Мен кіммін? Мен қандаймын?» тақырыбындағы тренинг жұмыстарын жүргізді.Қыз балалар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тренинг жаттығудан соң өз сезімдерімен пікір алмасты.
Кәмелетке толмаған қыз балалармен жыныстық тиіспеушілік,ерте жаста жыныстық қатынасқа түсу,ерте жүктілік,қыз балалардың бой жетуі бойынша мектеп психологтары Г.Хисамеденова, А.Ергалиева 8-11 сыныптар аралығында сауалнамалар өткізіп, «Қыз баланың бой жетуі»тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.
«Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» тақырыбында тәрбиелік шара өтіп, Құрманғазы аудандық емхана бөлімінің акушеры Ажгалиева Мөлдір Ерболатқызымен кездесу ұйымдастырылды.
Аудандық емхана бөлімінің акушеры М.Ажгалиева қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.
Кәмелетке толмаған қыз балалардың ата-аналармен тығыз байланыс орнатып,қыз балалардың жүріс тұрысын қадағалауды күшейту мақсатында ата-аналарға жадынама таратылып,пікір алмасты.
Ата-Аналарға жадынама!
Сіз кәмелетке толмаған қыз балалардың зорлық-зомбылық пен жыныстық шабуылдың алдын алуға көмектесетін ең жақын адамсыз.
Неліктен қыз балалар қылмыстың құрбаны болады? Себебі олар сенгіш келеді. Ал қылмыскер кез-келген балаға қажетті кілтін таба біледі.
Зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады, бірақ бұл үшін:
көшеде немесе үйде жалғыз қалған кезде балаға өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру;
егер бала жақын жерде тұрған адамға кішкене болса да күмәнданса немесе оны бір нәрсе үрейлендірсе, онда одан алшақтап немесе тоқтап, осы адамды алға жіберген дұрыс;
жыныстық көріністер мен зорлық-зомбылық көріністер фильмдерін қарауды болдырмау, Интернеттегі қай сайттарға жиі кіретінін білу; қыз балалардың жүріс тұрысын қадағалау.
Балаңыздың Интернетте өткізетін уақытын міндетті түрде басқарыңыз, балаңыздың Интернетте кіммен байланыс жасайтынын біліңіз.
Қауіпсіздік ережелерін сақтаса ғана, сіздің балаңыз оны күтіп тұрған қауіптен аулақ бола алады, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады!
6-сынып жетекшісі И.Юсупова «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» баяндамасы бойынша ата –аналармен,қыз балалармен сыр сұхбат жүргізілді.
Мақсаты: «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» қағидасымен қоғамда ғсырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту.Қыз баланы еңбекке баулу,іс тігу өнеріне,тамақ пісіру,үй жинауға икемді болуға үйрету барысында шеберлік сағат көрсетті.
Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Еңбек дегеніміз бойымыздағы күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. Күнделікті ішіп-жейтін тамағының киетін киімінің өзі еңбекпен келеді.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»- дегендей жерге дән сеуіп, оны күтіп баптап өсіруде.
Көрнекті педагог Ы.Алтынсаринның "Бір уыс мақта, "Әке мен бала" әңгімелерін сабақта пайдалана отырып, озық ой, сезім,іскер,шеберқол болса ешнәрсе ешқашан ысырап болмайды деген қорытынды шығаруға болады.
Құрманғазы ауданының ПБ-нің ЖПҚб-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі тобының қызметкерлерімен «Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі»ұсыным бойынша бірлескен жұмыстар.
Құқық бұзушылық –бұл қоғамға қарсы әрекет. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.
Өткен іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруі бойынша тексеру. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алуы. Жиналысқа Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы,полиция капитаны Ниязова Карима Нұрланбекқызы қатысып, қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта 23.00 –ден кейін үйден шықпауын,тойханаларда даяшы қызметін атқармау,фотосуретке түсірмеу,би билеу, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Қыздарға құқық бұзушылық туралы «Жауапкершілік дегеніміз не?», «Әлеуметтік желідегі қарым - қатынас» тақырыбында баяндама оқыды.
Мақсаты: құқықтық білімді насихаттау. Өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Жасөспірім қыз балаға ерте жүктіліктің зиянды әсері, қыздардың денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығы, теріс әрекеттердің қыздардың болашағына кері әсері және ерте жыныстық белсенділіктің салдары туралы айтты.
Халық даналығын қыз баланың бойына сіңіре отырып, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу – тек ұстаздар ғана емес, алдымен ата-аналардың міндеті екенін естен шығармайық!
Кәмелетке толмаған қыздармен жұмыс.
Соңғы уақытта қоғамда орын алған қылмыстарды бақылау кезінде жыныстық тиіспеушіліктің зардабын көбіне толық емес отбасында тәрбиеленушілер,нашар тұратын отбасылар,ата-аналары ішімдік тұтынатын,көп балалы отбасылар арасында зиянды әдеттер,соның ішінде темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлыққа әуес болу байқалады.
Осы бағытта мектеп медбикесі Г.Бақтыгереева «Темекі шегу-денсаулыққа зиян»тақырыбында дәріс жүргізді. Темекі шегу – өкпе, онкологиялық және басқа да созылмалы аурулардың қауіпті факторларының бірі. Темекі шегу-бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының (инфаркт, инсульт), терінің ерте қартаюына әкеліп соқтыратын фактор екенін жеткізді.
Шылым шегу кезінде темекі түтіні өкпе обырының, бронх демікпесі ұстамаларының жасөспірімнің тыныс алу қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Темекі шегуден бас тарту көптеген аурулардың даму қаупін біртіндеп төмендетуге, өмір сүру ұзақтығын арттыруға, адамның өмір сүру сапасын жақсартуға әкеледі. Қыздар арасында вейп шегетіндердің саны күн сайын артып келеді. Әсіресе оқушылар қатты қызығады. Өйткені вейп темекі секілді емес, одан хош иіс шығады. Бірақ сол хош иістің өзі өте қауіпті. Бұл құрылғы ингалятор секілді. Ішіндегі сұйықтық қайнағанда бу шығады. Сұйықтықтың құрамында бірнеше зат бар. Олар: Глицерин; Пропиленгликоль ,Хош иісті қоспалар;Никотин.
Никотин қатерлі ісік ауруына әкеліп соқтырады.Аллергиямен ауратындарға және кәмелет жасқа толмаған балаларға вейп шегуге өте қауіпті. Темекі шегетіндер көптеген қиындықтарға тап болады. Біріншіден, шылым шегуші темекіге деген тәуелділіктен өз бетінше арыла алмайды. Екіншіден, одан құтылу үшін көптеген қаржы жұмсау қажеттілігі артады. Үшіншіден, аз-аздан зақымдалған ағзаға біртіндеп көптеген аурулар «қоныстай» бастайды. Сондықтан темекі түтіні мен жұпар иісті, мықты денсаулықты және тұлғалық тәуелсіздікті таразылап өлшеп көріңізші. Қай жағы ауыр тартады? Қай жақта өмір сүрген ыңғайлы әрі пайдалы?
Бүгінгі күні электронды темекі үлкендерден қалып, кәмелет жасқа толмағандардың қолына түсті. Оқушылар кез келген дүкеннен оңай алып жүреді. Өзара «Одноразка» деп атайтын электронды темекіге өрімдей ұл-қыздар қайдан құмартты десек, бәрі тикток пен инстаграмда екен, жарнамасы сонда қаптап тұр. Тапсырыс берсе, жасына да қарамай жеткізіп береді. Көкшіл түтінді бұрқыратуды балалар ересек көрінудің нышаны деп қабылдайды. Бүгінгінің дерті-осы.
Ата-ана! Бір мезет ойланып, салауатты өмір салтына аяқ басыңыз!
Кәмелетке толмаған қыз балалармен қыздар жиналысында вектимдік мінез-құлық жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу
Кәмелетке толмаған қыз балалармен вектимдік мінез-құлық жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында сынып жетекшілер
«Қыздар сұлу көрінер
қылығымен»,психолог-мамандар «Кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлықтың алдын алу» тренинг жұмыстары, «Отбасы тәрбиесі-қоғам негізінің бастауы»тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Талқыланған мәселелер: «Отбасы және мектеп», «Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік» «кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында құқық-бұзушылық пен қылмысты болдырмау және оның алдын алу»Ата-аналарға тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді,түсінік жұмыстары жүргізілді.
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланыс”
М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата- ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында мектебіміздің психологы Г.Хисамеденова “Бала тәрбиесіндегі басты тұлға - ата-ана” тақырыбындағы тренингпен бастады.
Тренинг мақсаты: Ата – ана мен бала арасындағы тығыз байланысты күшейту;
Ата – ана, бала, ұстаз үштігінің қарым- қатынасын нығайту;
Ата – ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге шақыру.
2023-2024 оқу жылына арналған оқу- тәрбие процесінің ұйымдастырылуын мектеп директоры Ажгалиева Толқын Қадырбаевна таныстырып өтті.
”Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жұмысын ұйымдастыру туралы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қыдыршаева және мектеп психологы А.Ерғалиева баяндама жасады. Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мектеп пен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Жиынға қатысқан ата-аналар қолдау білдіріп, сәттілік тіледі.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, болдырмау бағытында Құрманғазы АПБ-ң ЖПҚБ-ң ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға участкелік инспекторы, полиция майоры Э.Жонисова ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мектептегі міндетті мектеп формасына қойылатын талаптары туралы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Анесов айтып өтті.
Әр мәселе бойынша спикерлер слайд арқылы ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, білім беру процесі және отбасылық ерекшеліктері мен отбасылық тәрбие бағыты бойынша түсіндіріліп, ата-аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, мектеп әкімшілігі мен ұжымға толағай табыстар тіледі.
2023 жылдың 2 қараша күні М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Фестиваль интеллектуалдық жұмысының нәтижесін көрсетуге және кәсіби қоғамдастықтағы озық педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл мұғалімдерге бағытталған.
Фестивальдің мақсаты – педагогтардың шығармашылық өзін-өзі тануы мен кәсіби өсуін ынталандыру, қазақстандық мектептердің жетекшілері мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Мұғалімдер әріптестерімен қазақ тілі сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ағылшын тілінде сөздік қорын молайту әдістері, грамматиканы оқу әдістемесі, әдеби оқу сабақтарындағы шығармашылық тапсырмалардың түрлері, т.б. идеяларымен бөлісті.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын алған мұғалімдер фестивальдің аудандық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
2023 жылдың 22 -қараша күні мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың тақырыбы:
«Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері"
Мақсаты: Жастарды бүгінгі қоғамымызды жаулаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Сапалы білім, саналы тәрбие алып, болашақ өмірдің баспалдағын аттауға дайындалу.
Күн тәртібінде:
"Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері" мектеп директоры Т.Ажгалиева
Сауалнама нәтижесі.
мектеп психологы
Г.Хисамеденова
"Ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру "Медицина психологы
А.Кыдырбаева
"Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық"
Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары,полиция майоры Т.Исаев
"Білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу"
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Батуов
Еліміздегі келер ұрпақты тәрбиелеу мен оларға білім берудегі маңызды бағыттардың бірі – балалар мен жасөспірімдерге қатысты психологиялық және педагогикалық жұмыс жүргізу. Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде.
Жасөспірімдер арасындағы суицидальды мінез–құлықтың себептері және болдырмау жолдары туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе қаржы проблемасы, психикалық аурулар, қоршаған адамдармен түсініспеушілік, отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы,зорлық-зомбылық,есiрткi қолдану,әртүрлі компьютерлік ойындардың тікелей әсері бар екенін жеткізді.
15-19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік әрекеттер жиі кездеседі. Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп ,қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде.
Әлеуметтік желіні қолданғанда үлкен сақтық қажет. Түрлі сайттарға кіру арқылы жастар қажетсіз ақпарат алуы мүмкін. Әсіресе балаларды суицидке апаратын бағдарламаларды қолданбау керек. Виртуалды өмірден гөрі адамдармен шынайы қарым-қатынас орнатса, соғұрылым мәселеден шығу жолын да тез табады.
Мұндай жағдайға түскен үлкеннің де, жасөспірімнің де , тіпті, жеткіншектердің де психикасында “Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ” деген ойлар басынан кетпейді. Кейде мұндай жағдай жасөспірімдерді еліктеушілікке де әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді.
Осындай жағдайларды болдырмау үшін әр АТА-АНА балаларының мінез-құлқының өзгерісіне зер сала қарап, оларға үнемі көңіл бөлу керек.
4 ноября в КГУ ОСШ имени М.В. Ломоносова, был проведен психолого -педагогический консилиум на тему «Адаптация 5-х классов», организованный психологами школы.
Участие приняли администрация школы, классные руководители начальных классов, классные руководители 5-х классов, а так же учителя-предметники, которые преподают в этих классах.
Цель: создать в ученическом коллективе педагогическую среду, обеспечивающую адаптацию учащихся при переходе из начальной в среднюю школу; адаптация первоклассников к школьной жизни.
Классные руководители подготовили подробную характеристику своих учащихся, озвучили проблемы, с которыми столкнулись за этот период времени.
Психолог школы Хисамеденова Г.С. представила результаты тестирования учащихся и обозначила основные проблемы в 5-ых классах, также дала рекомендации для классных руководителей 5-х классов и начальных классов.
Один из самых сложных периодов в жизни школьников - переход из начальной в среднюю школу. С одной стороны, учащиеся, обучавшиеся в начальной школе только у одного учителя в течение нескольких лет, испытывают психологический барьер с переходом на среднюю ступень обучения, а с другой стороны, введение новых предметов в учебную программу оказывает значительное влияние на учащихся.
Школьный психолог изучил уровень мотивации учащихся, уровень развития мыслительных процессов учащихся, а также уровень памяти учащихся, результаты которого были представлены на слайдах.
Классные руководители проанализировали социально-психологическую среду в классе с полной характеристикой на каждого ученика.
Республикалық "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің педагог -психологы Ерғалиева Айнұр Лутовна тартысты додада жүлделі
орынды жеңіп алды. Тәжірибелі ұстазымызды жеңісімен
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З