Меню KDT

22 наурыз- "Ұлыстың Ұлы күні"

1715686893599354.png

22 наурыз- "Ұлыстың Ұлы күні"

Әз Наурыз тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын бaйытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді.

Мемлекет басшысы:

Мектебіміздің "Біртұтас тәрбие бағдарламасы"аясында іс-шаралар жоспары құрылып,сынып жетекшілер,ата-аналардың қатысумен барлық сыныптарда "Наурызым мерекем,Наурызым берекем"атты шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен,әдет- ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру көзделді.Оқушылар тілектерін бала тілдерімен жеткізіп,ән салып,би билеп мерекенің сәнін келтірді.

Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн.

Ұлу жылы кел төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын ырыс, құт,

Болсын елде тыныштық.

Әр күніміз жақсы болсын,

Достығымыз берік болсын.

Білім - өнер серік болсын,

Ұлыс оң болсын, ақ мол

Мереке құтты болсын!

 
 
  

 
 



Директорға сұрақ қою