Меню KDT

"БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ" ЖОБАСЫ аясында

📚 «Кулинарлық батл» квест ойыны
2026 жылдың 3 наурыз күні М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде кітапханашы Л. Дубинаның ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Кулинарлық батл» атты танымдық квест ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын дамыту, сөздік қорын байыту, кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Квест барысында оқушылар түрлі қызықты тапсырмаларды орындап, өздерінің тапқырлықтарын, білімдерін және ұйымшылдықтарын көрсетті. Әр кезеңде қатысушылар белсенділік танытып, бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық рухтың үлгісін көрсете білді.
Осындай танымдық әрі қызықты шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал етеді.
📖 Кітап – білімнің сарқылмас қазынасы!

Директорға сұрақ қою