
Сынып сағатында оқушыларға түрлі кейстер ұсынылып, оларды талқылау барысында өз ойларын еркін жеткізіп, заң нормаларын өмірмен байланыстыра білді. Бұл жұмыс олардың сыни ойлау қабілетін дамытып, әр іске жауапкершілікпен қарап, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті. Аталған сынып сағаты 10абвг сыныптарында түсінік жұмыстарымен шектелмей, жауапкершілікті сезініп, берілген кейстерді шешу амалын қарастыруды және оң - теріс жақтарвн айқындауда белсенді болды. Бұндай тапсырмалар - оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыруда зор септігін тигізетіні анық. Себебі заң бәріне бірдей, адам құқығы - тең.